Тоқаевтың қазақ тіліндегі көлемді сұхбаты жарияланады
Жарияланды

Президенттің көмекшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне сұхбаты жарияланатынын хабарлады.
Руслан Желдібайдың жазуынша, 5 қаңтар күні «Turkistan» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған басылымның бас редакторы, белгілі ақын, публицист Бауыржан Бабажанұлына берген кең көлемді сұхбаты жарияланады.
Мемлекет басшысының былтыр дәл осындай форматта «Ana tili» газетіне сұхбат берген. Ол сұхбаттың тақырыбы «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» тақырыбымен шыққан еді.