Зейнетақы жинақтарынан төленетін төлемдерге енді жеке табыс салығы салынбайды


2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда Салық кодексінің зейнетақы төлемдерін жеке табыс салығынан (ЖТС) босататын нормалары күшіне енді.
Бұл норма БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің барлық түріне – тұрақты және біржолғы төлемдерге қатысты және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылады.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылған зейнетақы төлемдерінен ЖТС ұсталмайды. Бұл жеңілдік 2026 жылға дейін алынған, бірақ салықты бөліп төлеу нұсқасы (16 жылға дейін) таңдалған төлемдерге де қатысты. Мұндай төлемдер бойынша кейінге қалдырылған барлық салықтық міндеттемелер автоматты түрде жойылады – ешқандай өтініш жазу немесе мекемелерге бару қажет емес.
БЖЗҚ-да нақтылағандай, азаматтардан қосымша әрекет талап етілмейді – барлық рәсімдер Салық кодексі негізінде жүзеге асырылады.