Жаңбыр жауады, боран соғады: 3 қаңтарға ауа райы болжамы
Бүгін, 3 қаңтарда, Қазақстан аумағы арқылы Жерорта теңізі аймақтарынан келген циклон өтеді. Осыған орай еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, ал батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет РМҚ хабарлады.
Қазақстанның солтүстік-батысында қалың қар жауады деп күтіледі. Республика бойынша көктайғақ, тұман және екпінді жел болжануда.
Елдің батысында түнде ауа температурасы −8…0 °С, күндіз −2…+5 °С дейін жылы болады. Орталықта түнде −18…−10 °С, күндіз −12…−5 °С дейін суытады.
Оңтүстікте түнде −10…0 °С, күндіз −6…+2 °С, ал оңтүстік-шығыста түнде 0…+5 °С, таулы аймақтарда −13…−8 °С, күндіз −2…+3 °С, тауларда −10…−5 °С дейін болады.
Республиканың шығысында түнде ауа температурасы +5…+13 °С дейін жоғарылап, күндіз −10…−5 °С дейін төмендейді.