Елімізде автокөлік өндірісі бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткішке жетті

2025 жылы Қазақстандағы автокөлік өндірісі ең жоғары көрсеткішке жетті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір ай ішінде елде 311,1 млрд теңгеге 22 580 техника бірлігі шығарылған. Бұл жыл басынан бері ең үздік айлық нәтиже, сондай-ақ өткен жылдың қарашасымен салыстырғанда 25,5%-ға жоғары.
Өндірістің негізгі бөлігін жеңіл көліктер құрады. Бір айда зауыттар 20 730 жеңіл автокөлік құрастырып шығарды. Сонымен қатар 807 жүк көлігі, 646 автобус, 310 тіркеме мен жартылай тіркеме және 87 арнайы техника өндірілді.
Өндірістің артуы Chery, Changan және Haval сияқты халықаралық брендтердің Қазақстанда құрастырылуы мен сериялық өндірістің кеңейуімен байланысты.
Жалпы, 2025 жылдың 11 айында Қазақстанда 2,03 трлн теңгеге 146 163 техника бірлігі өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,7%-ға көп.
Қазір автокөлік өндірісі машина жасау саласының 41,7%-ын құрап отыр және ел экономикасындағы ең қарқынды дамып жатқан салалардың бірі болып қалуда.
Айта кетейік, 2026 жылы Қазақстанның автокөлік нарығы тұрақты өсімін жалғастырады, баға жағынан жаңа отандық темір тұлпарларға қатысты айтарлықтай өзгеріс болмайды. Алайда қолданыста болған көліктер сегментінде жүйелі мәселелер қордаланып жатыр.