Польша 2026 жылы Еуропадағы ең қуатты армия құрмақ

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің аға тілшісі
Польша Еуропаның ең мықты армиясын құруға ниетті / Фото: AP

Польша премьер-министрі Дональд Туск Еуропадағы ең қуатты армияны құруды тездететінін мәлімдеді.

Польшаның мемлекеттік TVP телеарнасы Тусктың 2026 жылға қатысты жоспарларына қатысты айтқан мәлімдемесін таратты.

Ол биыл Польшада қарқынды даму жылы болады деп атап өтті.

«Үкімет әскери әлеуетті кеңейту, ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және қорғаныс саласын қоса алғанда өнеркәсіпті қайта қалпына келтіру процесін ілгерілету жұмыстарын жалғастырады»,–  деді Дональд Туск.

Туск мәлімдемесінде мемлекеттік сатып алулар саласында «Польша бәрінен бұрын» қағидасы қолданылатынын да айтты.

«Біз Еуропадағы ең қуатты армияны құруды жеделдетеміз. Инфрақұрылымға бағытталған ірі инвестицияларды да тездетеміз», деді ол .

Премьер-министр 2026 жылы қылмыспен күрес қатаңдай түсетінін және Польшаны «қауіпсіздік оазисі» ретінде сипаттады, әрі солай болып қала беретінін мәлімдеді.

Әлемдік қиындықтарға қарамастан, Польша 2025 жылы экономикалық өсімді жеделдетіп, ірі инвестицияларды бастағанын айтқан Туск 2026 жыл да ел үшін сәтті болады деп үміттенетінін жеткізді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Польшада 2,6 мың Қазақстан азаматы жұмыс істеп жүр.

Сондай-ақ оқыңыз