Сот шешімдерін орындау және активтерді елге қайтару – Президент заңға қол қойды
Жарияланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз алынған активтерді елге қайтару туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының шешімдерін орындау және заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды«, – делінген хабарламада.
Еске салайық, жуырда Президент ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңға қол қойған болатын.