2026 жылы көлік салығына қатысты қандай өзгеріс енгізілді

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Салық кодексінде көлік салығына қатысты өзгерістер енгізілген/фото: shutterstock

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексінде көлік салығына қатысты өзгерістер енгізілген.

Жеңіл автокөліктер бойынша көлік салығын есептеу кезінде пайдалану мерзімі 10 жылдан 20 жылға дейін болған жағдайда 0,7 түзету коэффициенті, ал 20 жылдан асқан жағдайда 0,5 коэффициенті қолданылады.

Көлік салығы жылдың қорытындысы бойынша төленетінін ескеріп, төмендетілген коэффициенттерді қолданып есептелген салық сомасы 2026 жыл үшін 2027 жылы есептеледі.

Сонымен қатар қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, 2013 жылдың 31 желтоқсанынан кейін елде құрастырылған немесе ел аумағына әкелінген жеңіл автокөліктер үшін салық мөлшерлемесі алынып тасталды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, шаруа немесе фермер қожалықтары бір дана жүк платформасы және жеңіл моторлы көлік (пикап автомобиль) бойынша көлік салығын төлеуден босатылады.

«Көлік санаты көлікті тіркеу туралы куәлікте көрсетілген көлікті басқару құқығының санатына (A, B, C, D) сәйкес айқындалады», – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, 2026 жылдан бастап салық төлеуші тек жылдық декларацияны ғана тапсырады және тиісінше салықты жыл қорытындысы бойынша бір рет төлейді.

Сонымен қатар 2026 жылдан бастап белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) мөлшері – 4 325 теңге екенін ескерсек, қозғалтқыш көлемі 4 литр және одан да үлкен жеңіл көліктер үшін жылдық көлік салығы 506 025 теңгеге жетеді.

Сондай-ақ оқыңыз