Алматы мен Астана әуежайында ұшақтар кешігіп жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Әуекомпания жағдайға қатысты пікір де білдірді/фото: shutterstock

Алматыдан ұшып шығуы керек болған ұшақтар кешіктіріліп жатыр. Мұны әуежайдың онлайн-таблосындағы деректен көруге болады.

Ішінде Air Astana әуекомпаниясының Мумбай, Фукуок, Сеул, Бангкок және ел ішіндегі басқа да рейстері кейінге қалған. Әуекомпания жағдайға қатысты пікір де білдірді.

«Ауа райы бұзылып, Алматыдан шығатын Airbus A320 ұшақтары рейстері операциялық шектеулерге байланысты кешіктіріліп жатыр. Әуежайға шықпас бұрын әуекомпания сайтына кіріп, рейсіңіздің статусын тексеріп алуларыңызды сұраймыз», – деп хабарлады Air Astana.

Ақпарат алу үшін жолаушылар мына нөмірлерге хабарласа алады:

+7 727 244 4477

+7 7172 584477

+7 702 702 4477

Рейс кешіккен жағдайда хабарласуға болатын нөмір:

+7 7272 44 44 78

📱 WhatsApp: +7 702 702 00 74

💻Online chat: airastana.com

Одан бөлек Астанада ауа райына байланысты рейстердің кестесі өзгеріп жатыр. Әуекомпаниясы кестені қалпына келтіру үшін барлық шараны қабылдап жатыр, соның ішінде FlyArystan әуе компаниясының резервтік ұшағын іске қосады.

Сондай-ақ оқыңыз