Астанада 40-қа жуық рейс кешігіп жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Бұған ұшақтардың басқа әуежайдан кеш келгені себеп болған/фото: Серикжан Ковланбаев

Астана халықаралық әуежайында 40 шақты рейс кешіктіріліп жатыр.

Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшып келуі керек болған 23 кешікті, қаладан ұшуы қажет болған 16 рейс кейінге шегерілді.

Бұған ұшақтардың басқа әуежайдан кеш келгені себеп болған.

«Астана әуежайында барлық қызмет штаттық режимде жұмыс істеп, уақытылы қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп жатыр», – делінген ақпаратта.

Соған байланысты әуежай рейс статусын алдын ала тексеруді ұсынды.

Бұған дейін ауа райына байланысты Алматыдан ұшуы керек болған рейстер шегерілді.

Сондай-ақ оқыңыз