Трамп Венесуэланы АҚШ басқаратынын мәлімдеді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Трамп мұны баспасөз мәслихатында айтқан/Фото: Charlie Neibergall / The Associated Press

АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла президенті Николас Мадуроны тұтқындауға қатысты пікір білдірді.

Николас Мадуроның фотосы

Бұған дейін Трамп Венесуэла аумағында әскери операция кезінде ел президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флорес ұсталғанын мәлімдеді. Мұны Трамп Fox News-ке берген сұхбатында айтқан.

Сондай-ақ Truth Social әлеуметтік желісінде Мадуроның фотосын жариялады. Сөзінше, фото Венесуэла басшысы ұсталғаннан кейін түсірілген. Фотоға «Николас Мадуро USS Iwo Jima бортында» деп жазған.

Венесуэладағы жағдай

Одан бөлек Дональд Трамп Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясында баспасөз мәслихатын өткізді. Ол жерде АҚШ президенті Венесуэла астанасына жасалған шабуылға қатысты айтты.

«Бұл Екінші дүниежүзілік соғыстан бері адамдар көрмеген деңгейдегі шабуыл болды. Соққы Каракастың қақ ортасындағы әскери қамалға бағытталып, заңсыз диктатор Николас Мадуроны жауапқа тарту мақсатында жасалды», – деді Трамп.

Одан бөлек Трамп билік ауысып жатқан тұста Венесуэланы АҚШ басқаратынын мәлімдеді.

«Біз елді билік ауысу кезеңінде басқарамыз. Билікке бәзбіреулердің келіп, жылдар бойы жалғасып келген жағдайдың қайталанғанын қаламаймыз. Егер олар да өз халқына әділ әрі адал болмаса, Мадуромен болған жағдай қайталанады», – деді АҚШ президенті баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, 3 қаңтарда Венесуэла астанасы Каракасқа соққы жасалды.

Сондай-ақ оқыңыз