БҚО-да ауа райына байланысты жолдар жабылды
Жарияланды

Батыс Қазақстан облысында 4 қаңтар сағат 12:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектеледі.
ҚазАвтоЖолдың хабарлауынша, мына автожолдарда көліктің барлық түрі қозғалысына шектеу енгізілді:
- «Казталовка – Жәнібек – РФ шекарасы» автомобиль жолының 0-158 шақырым аралығындағы учаскесі (Казталовка елді мекенінен Жәнібек елді мекеніне дейін);
- «Чапаев – Жалпақтал – Қазталов – РФ шекарасы» автомобиль жолының 0-201 шақырым аралығындағы учаскесі (Чапай елді мекенінен Казталовка елді мекеніне дейін);
- «Орал – Тасқала – РФ шекарасы» автомобиль жолының 4-104 шақырым аралығындағы учаскесі (Орал қаласынан РФ шекарасына дейін).
Жолды 4 қаңтар сағат 20:00-де ашу жоспарланған.
Бұған дейін ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты ескерту жариялады. Синоптиктер болжамына сәйкес 3-4 қаңтарда өңірде боран тұрып, көктайғақ болады.