БҰҰ АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы әскери әрекетіне алаңдаушылық білдірді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Гутерриш тараптарды диалогқа шақырды/фото: shutterstock

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Венесуэладағы жағдайдың ушығуына алаңдаушылық білдірді. Бұған АҚШ-тың басқа елге қарсы жасаған әскери әрекеттері себеп болды.

Айта кетейік, АҚШ Венесуэл астанасы Каракастағы және бірқатар штатындағы нысандарға әуеден соққы жасады. Ақпаратты Дональд Трамптың өзі растады. Сондай-ақ Каракаста ел президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флорес ұсталды

«Бас хатшы тараптардың халықаралық құқықты, соның ішінде БҰҰ Жарғысын толық сақтаудың маңызды екенін айтты. Ол халықаралық құқық нормаларының сақталмағанына алаңдаулы», – делінген Бас хатшының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Осылайша Гутерриш тараптарды диалогқа шақырды.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк Венесуэланың бейбіт тұрғындарын қорғауға басымдық беру қажет екенін айтты.

Ал БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Анналена Бербок дағдарыс жағдайында мемлекеттер БҰҰ Жарғысының ережелерін басшылыққа алуға тиіс екенін мәлімдеді. Ол Жарғының 2-бабы ұйымға мүше мемлекеттерді басқа елдердің аумақ тұтастығы мен саяси тәуелсіздігіне қарсы «күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту» әрекеттерінен бас тартуға міндеттейтінін еске салды.

Сондай-ақ оқыңыз