БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Венесуэладағы жағдайға байланысты шұғыл отырыс өткізеді
Жарияланды

Біріккен ұлттар ұйымының кауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы жүргізген операциясына байланысты шұғыл отырыс өткізеді. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысы 5 қаңтар жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де басталады.
Айта кетейік, бұған АҚШ-тың Венесуэла аумағында жүргізген операциясы себеп болды. АҚШ Каракастағы және елдің бірқатар штатындағы нысандарға әуеден соққы жасады. Ақпаратты Дональд Трамптың өзі растады. Сондай-ақ Каракаста ел президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флорес ұсталды.