Елде 2026 жылы қай жолдар жөнделеді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
2026 жылы автожол саласындағы e-Joldar бірыңғай цифрлық жүйесін іске қосылады/ Фото: Shutterstock

2026 жылы елде 11 мың шақырымнан астам жол салынады және жөнделеді. Мұны көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров мәлімдеді.

Сөзінше, 2,3 мың шақырымы құрылыс және реконструкциялау жұмыстарына, 5 мың шақырымы күрделі және орташа жөндеуге, ал тағы 4 мың шақырымы жергілікті маңызы бар жол желісін дамыту жобаларына бағытталады.

Негізгі жоба қатарында Қызылорда – Жезқазған, «Орталық – Батыс», Ақтөбе – Ұлғайсын, Қарағанды – Жезқазған бағыты бар.

«Барлық жоспарланған іс-шара мен қажетті техникалық-экономикалық негіздеме алынды, жұмыс штаттық режимде жүргізіліп жатыр, қажетті қаржы көзделген», – деді Қалиақпаров.

Ірі елді мекендерді айналып өтетін жолдарды салу мен реконструкциялауға ерекше назар аударылады. Ішінде Сарыағаш, Қызылорда, Петропавл және Рудный қалаларының айналма жолдары бойынша жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Жезқазған – Петропавл, Атырау – Орал, Жаңаөзен – Кендірлі, Мұқыр – Құлсары, Макинск – Ақсу – Торғай бағытында жол жұмыстары жүргізіледі.

2026 жылы автожол саласындағы e-Joldar бірыңғай цифрлық жүйесін іске қосылады. Жүйенің негізгі мақсаты — эталондық деректерді шоғырландыру және олардың қоғамдық бақылау үшін ашықтығын қамтамасыз ету.

Сондай-ақ оқыңыз