Қаңтарда ауа райы қандай болады

Синоптиктер 2026 жылдың қаңтарына ауа райы болжамын жариялады. Соған сәйкес, қаңтар жылы болады, алайда арасында аязды күндер бар. Республика аумағында айлық орташа ауа температурасы климат нормасынан 1-2°С жоғары болады.
Айлық жауын-шашын мөлшеріне келсек, барлық өңірде норма сақталады. Тек Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, Ақмола, Қарағанды және Абай облыстарының солтүстік-шығысында, Алматы және Жамбыл облыстарының оңтүстік жартысында, Түркістан облысы мен Жетісу облысының оңтүстік-шығысында жауын-шашын нормадан асады.
Елдің батысында бірінші онкүндік басында түнде ауа температурасы -10…-18°С-қа дейін, күндіз -5…-12°С-қа дейін төмендейді.
Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталық өңірлерінде түнгі ауа температурасы -10…-20°С-тан -3…-8°С-қа дейін, күндіз -12…-2°С-тан -5…+3°С-қа дейін құбылады.
Елдің шығысында түнде ауа температурасы -2…-13°С-тан -10…-18°С-қа дейін, күндіз -6…+2°С-тан -2…-10°С-қа дейін болады.
Оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы -2…-12°С-тан -5…+5°С-қа дейін, күндіз -3…+8°С-тан +5…+10°С-қа дейін, ал елдің қиыр оңтүстігінде +15°С-қа дейін жоғарылауы мүмкін.
Айдың екінші және үшінші онкүндігінде солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталық өңірлерде түнде ауа температурасы -25…-35°С-қа дейін, күндіз -15…-20°С-қа дейін төмендейды. Қаңтардың ең жылы күндерінде ауа температурасы -5…+3°С-қа дейін көтеріледі.
Елдің батысында кейде түнде ауа температурасы -20…-27°С-қа дейін, күндіз -12…-19°С-қа дейін төмендейді. Айдың кей күні күндізгі ауа температурасы 0…+5°С-қа дейін жоғарылайды.
Елдің оңтүстік жартысында түнгі ауа температурасы 0…-5°С-тан -10…-20°С-қа дейін, күндіз +2…+12°С-тан -3…-13°С-қа дейін құбылады. Үшінші онкүндікте түнде ауа температурасы -20…-30°С-қа дейін, күндіз -10…-18°С-қа дейін төмендеуі мүмкін.