100 млн теңгемен Ресейге қашып кеткен азамат Қазақстанға қайтарылды

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Экс-президент алаяқтық және қысым жасағаны үшін кінәлі деп танылды / фото: KursivMedia мұрағаты
Фото: kursiv.media мұрағаты

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл жайлы Бас прокуратура мәлімдеді.

Тергеу мәліметінше, күдікті 2024 – 2025 жылдары Тараз қаласында өзін коммерциялық ұйымның қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға инвестиция салу арқылы жоғары табыс табуға уәде берген. Ол жәбірленушілерді тауарларды көтерме сатып алу және кейін қайта сату арқылы бірлескен кәсіп жүргізуге шақырған.

«Оның қылмыстық әрекеттері нәтижесінде Қазақстанның 6 азаматына жалпы 100 млн теңгеден астам залал келтірілген. Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған», – делінген хабарламада.

Күдікті былтыр тамызда Ресей аумағында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазір ол тергеу изоляторына қамауға алынды. Аталған қылмыс үшін мүлкін тәркілеу және 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыз