2026 жылы зейнетақы мен жәрдемақы өсті

2026 жылдан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4 325 теңге болды. Ал ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғыдай 85 мың теңге болып қалды.
Базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 50 851 теңге шамасында белгіленді, ал 2025 жылғы көрсеткіш – 46 228 теңге.
Kursiv.Media материалынан зейнетақы мен жәрдемақы қаншаға өскенін біле аласыздар.
Зейнетақы өсті
2026 жылы базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты есептеледі. Мемлекеттік базалық зейнетақының ең төмен мөлшері – 35 596 теңге.
Зейнетақы мөлшері қазақстандықтың 1998 жылға дейінгі еңбек өтіліне байланысты өседі:
- 15 жыл еңбек өтілі барлар – 40 680 теңге;
- 30 жылдан көп еңбек өтілі барлар – 55 936 теңге максималды базалық зейнетақы алады;
Ең төменгі зейнетақы 69 049 теңге болды.
2026 жылы зейнет жасы өзгеріссіз қалды:
- Ерлер – 63 жас,
- Әйелдер – 61 жас.
Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы
2026 жылы көпбалалы аналарға төленетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері төмендегідей болады:
- 4 бала – 69 200 теңге (16 АЕК);
- 5 бала – 86 500 теңге (20 АЕК);
- 6 бала – 103 800 теңге (24 АЕК);
- 7 бала – 121 100 теңге (28 АЕК);
- 8 және одан көп бала – әр балаға 4 АЕК (17 300 теңге, 1 АЕК – 4 325 теңге) мөлшерінде, кемінде 138 400 теңге.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне берілетін жәрдемақы:
- «Алтын алқа» иелеріне – 32 005 теңге (7,4 АЕК);
- «Күміс алқа» иелеріне – 27 680 теңге (6,4 АЕК).
Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы
Біржолғы мемлекеттік жәрдемақы – жөргекпұл сомасы бала кезегіне байланысты былай беріледі:
- Бірінші, екінші және үшінші балаға – 164 350 теңге (38 АЕК);
- Төртінші және одан кейінгі балаларға – 272 475 теңге (63 АЕК).
Егіз, үшем немесе төртем болса, жәрдемақы әр балаға жеке есептеледі.
1,5 жасқа дейін бала күтімі үшін берілетін жәрдемақы
Жұмыс істемейтін әйелдерге бала кезегіне қарай 1,5 жасқа толғанға дейін ай сайын төлем беріледі:
- Бірінші балаға – 24 912 теңге (5,76 АЕК);
- Екінші балаға – 29 453,25 теңге (6,81 АЕК);
- Үшінші балаға – 33 951,25 теңге (7,85 АЕК);
- Төртінші және одан кейінгі балаларға – 38 492,5 теңге (8,9 АЕК).
Анасы бала күтімі демалысына дейін ресми түрде жұмыс істеген болса, ол соңғы 2 жылдағы орташа табысының 40%-ы мөлшерінде жәрдемақы алады.
Мүгедектігі бар адамдарға берілетін жәрдемақы
7 жасқа дейін мүгедектігі бар балаларға 81 870 теңге беріледі.
7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға берілетін жәрдемақы:
- Бірінші топ – 111 872 теңге;
- Екінші топ – 93 057 теңге;
- Үшінші топ – 81 870 теңге.
Ересектер арасындағы мүгедектігі бар адамдарға:
- Бірінші топ – 111 872 теңге;
- Екінші топ – 89 498 теңге;
- Үшінші топ – 61 021 теңге.
Авария, жарылыс, радиация, экологиялық төтенше жағдай салдарынан мүгедек болып қалған қызметкерлерге:
- Бірінші топ – 163 739 теңге;
- Екінші топ – 139 840 теңге;
- Үшінші топ – 117 466 теңге.
Кәсіби, әскери және арнаулы орган қызметкерлеріне (қызметтік жарақат, мертігу, ауру салдарынан):
- Бірінші топ – 200 357 теңге;
- Екінші топ – 154 589 теңге;
- Үшінші топ – 117 466 теңге.
Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға ол 18 жасқа толғанға дейін тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы 81 870 теңге (2025 жылғы көрсеткіш – 74 428 теңге) болды.