
Қазақстан эстрадасының аңызы, дара дауыс иесі Роза Рымбаева өнердегі 50 жылдық шығармашылық жолын айрықша концертпен атап өтпек.
Есеп беру концерті 7 ақпан күні Алматы қаласында, Республика сарайында өтеді. Кеш сағат 19:00-де басталады. Көрермендерді Роза Рымбаеваның ең танымал хиттерімен қатар, тың туындылар күтіп тұр. Концерт Қазақстанның үздік музыканттарының қатысуымен және «Al jazz Symphony» эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, кеште шырқалатын әндер жанды дауыста орындалады. Сондай-ақ сахнада тосын қонақтар мен музыкалық тосынсыйлар болады деп жоспарланған.
Роза Рымбаева бұл кештің үлкен сахнадағы соңғы концерті болуы мүмкін екенін де жасырмады.
Елу жыл бойы қазақ өнерінің символына айналған әншінің мерейтойлық кешіне билеттерді Fredoom Ticketon сайтынан алуға болады.