Атырауда жоғалып кеткен отбасы Өзбекстанға өтуі мүмкін

Атырауда із-түссіз жоғалып кеткен отбасы жайлы жаңа деректер шықты. Атырау облысы полиция департаменті арнайы мәлімдеме жасады.
2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының тұрғыны бір айдан аса бауыры және оның отбасымен байланыса алмай жатқанын айтып, полицияға арыз түсірген. Қызылқоға ауданы, Жангелді ауылында тұратын отбасы өткен жылдың қарашасында жоғалып кеткен.
«Полиция қызметкерлері олардың жүрген жерін анықтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Басқа өңірлердің де полицейлеріне бағыт-бағдар берілді. Қолда бар ақпарат бойынша, ерлі-зайыптылар мен олардың 33 және 35 жастағы екі ересек баласы елдің оңтүстік аймақтарына бет алуы мүмкін», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Отбасының әкесі Қарабалин Масот (1959 жылғы) , анасы Өтешақалиева Нәсіп (1961 жылғы), қызы Қарабалина Мейрамгүл (1990 жылғы) және ұлы Мұқанғалиев Наурыз (1993 жылғы) жайлы қандай-да бір ақпарат шықса, 98-20-78, 98-20-88,+7 701 304 0012 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Әлеуметтік желілерде отбасына қатысты тағы бір дерек шықты. Өзін Атырау хакерімен деп атаған тұрғын, Мұқанғалиев Наурыздың SIM-картасы Өзбекстан аумағында пайдаланылғанын айтады. Тіпті WhatsApp нөмірлеріне де күніне бірнеше рет кірген. Банк карталары да қолданысты болды дейді. Бірақ полиция бұл ақпаратты ресми түрде растамады.
Ал туыстарының сөзінше, олардың қараша және желтоқсан бойынша зейнетақы төлемдері шешілген. Ал уатсап арқылы отбасы иелігіндегі мал сатылған.
Іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.