
Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде ұлы Аян Нұртастың жары Айгерім дүниеге қыз бала әкелгенін жариялады.
Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, келіні Айгерім бүкіл әулеттің ақ батасын алған, атасын ерекше құрметтейтін, адал әрі сыйлы жан. Продюсер жаңа туған сәбиді әулеттің «Ханшайымы» деп атап:
«Біздің ыстық ұямыздың нұры, қаншама қайғымның орнын жүрек жылуымен толтырған келінім дәл қазір бір Ханшайымды өмірге алып келді», – деп жазды.
Сондай-ақ Гүлзира Айдарбекова оқырмандарына арнайы үндеу жасап, жаңа туған немересіне ақ тілектер мен жүрекжарды дұға сұрады.
Айта кетейік, Қайрат Нұртастың анасы биыл ерекше қуанышқа кенеліп отыр. Гүлзира Айдарбекова үш ұлынан бір жыл ішінде үш немере сүйіп, шаңырағы шаттық пен шуаққа бөленген.
Бұған дейін, Қайрат Нұртас кенже қызымен алғаш рет жазба жариялаған еді.