ХҚКО-да неліктен кезек көбейді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
ХҚКО
ХҚКО-да неліктен кезек көбейді

«Азаматтарға арналған үкімет» Қазақстанның бірқатар қалаларында мамандандырылған ХҚКО-ларда пайда болған кезекке түсініктеме берді.

Мемлекеттік корпорация ақпаратына сүйенсек, халықтың көптеп келуіне мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін еркін таңдау мүмкіндігін көздейтін норманың енгізілуі себеп болған.

«Барлық мамандандырылған ХҚКО штаттық режимде жұмыс істейтінін атап өтеміз. Азаматтарға қызмет көрсету әдеттегідей жүзеге асырылады, ақпараттық жүйелердің жұмысында техникалық ақаулар тіркелген жоқ», — делінген хабарламада.

Барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған орталықтар да азаматтарды сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. Кезекші ХҚКО мен мемлекеттік ХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін 20:00-ге дейін, сенбіде – 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде азаматтарға кез келген қажетті әріптік және цифрлық белгісі бар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін еркін таңдауға мүмкіндік беретін жаңа ережелер күшіне енді. Мамандандырылған ХҚКО-да өтінім қабылдау 5 қаңтарда басталды.

Сондай-ақ оқыңыз