Ирандағы тәртіпсіздік күшейсе, аятолла Хаменеи Мәскеуге қашпақ – БАҚ

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Хаменеи отбасы мүшелері мен ең жақын көмекшілерінен тұратын 20 адам ел астанасынан кетуді жоспарлап отыр / фото: REUTERS
Хаменеи отбасы мүшелері мен ең жақын көмекшілерінен тұратын 20 адам ел астанасынан кетуді жоспарлап отыр / фото: REUTERS

Иранда жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеиді Тегераннан Мәскеуге эвакуациялау жоспары әзірленіп отыр.

Жоспар елдің күштік құрылымдары жаппай наразылықтарды баса алмаған жағдайда жүзеге аспақ.

Бұл туралы барлау деректеріне сілтеме жасаған британдық The Times газеті хабарлады.

Басылымның мәліметінше, егер Иран армиясы немесе басқа да күштік құрылымдар наразылық білдірушілер жағына шығып кетсе немесе қашып кетсе, 86 жастағы Хаменеи отбасы мүшелерімен, ең жақын көмекшілерімен бірге, ұзын саны 20 адам ел астанасынан кетуді жоспарлап отыр. Эвакуацияланатындар қатарында жоғарғы көшбасшының мұрагері саналатын ұлы Моджтаба Хаменеи де бар.

Израильдің бұрынғы барлаушысы Бени Сабти Хаменеи Мәскеуге бет алуы мүмкін екенін айтып, «оның басқа қауіпсіз орны жоқ» деп мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, 2025 жылдың маусымында Израильмен болған 12 күндік соғыстан кейін жоғарғы көшбасшының жағдайы айтарлықтай әлсіреген.

Соңғы күндері, қазіргі наразылықтар кезінде де, көпшілік алдына сирек шыққан.

Сондай-ақ оқыңыз