Николас Мадуроның суретінен кейін Nike костюмінің сатылымы өсті

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Мадуро
Kоллаж kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай

Nike Tech Fleece спорттық костюмі күтпеген жерден кең танымалдыққа ие болды. Бұған АҚШ әскери күштері Венесуэла президенті Николас Мадуроны ұстап алған сәтте дәл осы модельдегі спорттық киімде болғаны себеп.

Суретті АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде жариялап, кадр «Iwo Jima» десанттық кемесінде түсірілгенін жазған. Осы жарияланымнан кейін Nike Tech Fleece-ке деген қызығушылық күрт өскен.

Google Trends деректеріне сәйкес, 4-5 қаңтар күндері «Nike Tech», «grey Nike Tech» және «Nike Tech tracksuit» секілді іздеу сұраныстарының көрсеткіші айтарлықтай артқан. Кейбір сұраныстар бойынша танымалдық индексі ең жоғары 100 балға дейін жеткен.

Сұраныстың өсуі Nike-тың ресми сайтына да әсер етті. Nike Tech Fleece моделінің бірнеше өлшемі қысқа уақыт ішінде сатылып кеткен. Атап айтқанда, Николас Мадуро суретте киген 3XL өлшемі шамамен бір сағаттың ішінде толықтай өтіп кеткені хабарланды.

Еске сала кетейік, 3 қаңтар күні АҚШ Венесуэла астанасы Каракасқа және елдің бірқатар штатындағы нысандарға әуеден соққы жасап, Каракаста ел президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флоресті ұстаған.

Сондай-ақ оқыңыз