Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрі 31-ге артты: бұйрық күшіне енді

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі 19-дан 31 атауға дейін кеңейтілді. Сауда және интеграция министрлігінің жаңа бұйрығы 4 қаңтардан бастап күшіне енді.
Ведомствоның мәліметінше, тізімді уақытша кеңейту туралы шешім күнделікті тұтынатын негізгі азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігін арттыруға және олардың бағасын тұрақтандыруға бағытталған.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі:
1 Бірінші сортты бидай ұны
2 Бірінші сортты бидай ұнынан жасалған нан (пішінді)
3 Рожки
4 Қарақұмық жармасы (дән)
5 Тазартылған күріш (домалақ дәнді)
6 Картоп
7 Асханалық сәбіз
8 Басты пияз
9 Ақ қауданды қырыққабат
10 Қызанақ («шие», «жүзім» сорттарынан басқа)
11 Қияр («корнишондар» сортынан басқа)
12 Алма
13 Ақ қант – құмшекер
14 Күнбағыс майы
15 Сүйегі бар сиыр еті
16 Сүйексіз сиыр еті
17 Тартылған ет
18 Қой еті, оның ішінде сүйексіз
19 Жылқы еті, оның ішінде сүйексіз
20 Жаңа ауланған, салқындатылған және мұздатылған балық (табан, мөңке, көксерке, тұқы, сазан)
21 Тауық еті (тауық жамбасы, сирағы, сан еті)
22 Тауық (ұшасы)
23 Майлылығы 2,2-6% пастерленген, ультра пастерленген, зарарсыздандырылған сүт дәмдік қоспалары жоқ (лактозасызды қоспағанда)
24 Майлылығы 2-3 % айран (лактозасызды қоспағанда)
25 Қаймақ (лактозасызды қоспағанда)
26 Майлылығы 5-9% сүзбе (лактозасызды қоспағанда)
27 Майлылығы 40-50% қатты, жарлытай қатты ірімшік
28 Сары май (тұздалмаған, майлылығы 72,5%-дан 80%-ға дейін, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)
29 Тауық жұмыртқасы (I санатты)
30 Қара шай (дәмдік қоспалары жоқ, пакеттелмеген)
31 Ac тұзы («Экстра»-дан басқа)
Айта кетейік, бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) тізімін кеңейтуді ұсынды. Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқыға шығарылды.
Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының кеңейтілген тізімінің күші кемі үш ай бойы қолданыста болады. Бұл жайлы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген кезде айтқан еді.