Қазақстандықтар көп баратын Мысырда туристерге арналған миграциялық карталар жойылады

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: Abdelrhman 1990

Мысыр әуежайларында туристерге арналған миграциялық карталарды толтыру талабы қаңтар айының соңына дейін толықтай жойылады, деп хабарлайды Kursiv.Мedia порталы Ria.ru порталына сілтемемен.

Бұл шешім Мысырға келетін және елден шығатын жолаушылар үшін сапар рәсімдерін жеңілдетіп, әуежайдағы уақытты қысқартуға бағытталған.

«Қаңтар айының соңына дейін миграциялық карталарды алып тастаймыз», – деп хабарлаған елдің министрі аль-Хефни Sada El-Balad телеарнасына.

Сондай-ақ биліктің әуежай инфрақұрылымын цифрландыруға басымдық беріп отырғанын айтты.

Атап айтқанда, 2025 жылдың мамырында үкімет туристерге елге келген сәтте электронды виза алуға мүмкіндік беретін жүйе әзірленіп жатқанын хабарлаған. Жоба аясында электронды платформа, мобильді қосымша немесе өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын енгізу жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыз