Өзбекстан кейбір тауар мен қызмет үшін қолма-қол ақшамен төлеуге тыйым салады

Жарияланды 5 Қаңтар 2026 12:30

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

​​General news бөлімінің редакторы a.abitay@kursiv.media
Өзбекстан қолма қол ақша
фото: Sputnik / Рамиз Бахтияров

Өзбекстан осы жылдың бірінші сәуірінен бастап кейбір тауар мен қызмет үшін қолма-қол ақшамен төлем жасауға тыйым салады. Бұл көлеңкелі экономикамен күрес және картамен төлем жасауды танымал ету үшін енгізіліп отыр. Ел президенті Шавкат Мерзиёев осындай бұйрыққа қол қойды.

Тізімге алкоголь мен темекі өнімдері, мемлекеттік органдар мен ТҮКШ (Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық) қызметтері, автокөлік пен жылжымайтын мүлік сатып алу, жанармай бекеттері, сондай-ақ құны 25 миллион сумнан асатын тауарлар ( 1 млн теңгеден сәл астам) енді.

Төлем жасау үшін төлем карталары мен QR-кодтар қолданылады. Электрондық төлемдерді қабылдау үшін Өзбекстан Республикасының Орталық банкі 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін бірыңғай QR-кодты енгізуі тиіс болатын.

NB жазуынша, Өзбекстандағы өзгеріс Қазақстанға да әсерін тигізеді. Өзбекстан Республикасы Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 2025 жылдың 10 айында бұл елге туристік мақсатпен 2,3 млн қазақстандық барған. 2024 жылмен салыстырғанда 76%-ға көп. Қазақстандықтардың шамамен 75%-ы Өзбекстанға туыстарына барады, сондықтан сәуірден бастап іске қосылатын жаңа шартты ескере жүруі керек.

Өткен жылы қарашада Қазақстаннан шетелге 55,5 млрд теңге аударылған. Ақшаның басым бөлігі Ресей, одан кейін Өзбекстан мен Түркияға жіберіледі екен.

Сондай-ақ оқыңыз