Олий Мәжіліс депутаты Өзбекстан азаматтарын дереу Ресейден кетуге шақырды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Депутаттың сөзіне қарағанда, Ресейдің арнайы қызметтері Орталық Азия азаматтарын тәртіпсіздіктердің ықтимал қатысушылар ретінде қарастырып отыр / фото: ашық дереккөздері
Депутаттың сөзіне қарағанда, Ресейдің арнайы қызметтері Орталық Азия азаматтарын тәртіпсіздіктердің ықтимал қатысушылар ретінде қарастырып отыр / фото: ашық дереккөздері

Олий Мәжіліс депутаты Алишер Қодыров Ресейде жүрген Өзбекстан азаматтарын дереу отанына оралуға шақырды.

Депутаттың пікірінше, бұл елде жағдай нашарлап, мигранттарға қарсы рейдтер көбейген.

Алишер Қодыровтың айтуынша, Ресейде болашақта тәртіпсіздіктер көбеюі мүмкін. Осы мемлекеттің арнайы қызметтері Орталық Азия азаматтарын ықтимал қатысушылар ретінде қарастырып отыр. Сондықтан Ресейде нан тауып жүрген өзбекстандықтар табатын пайдасынан бас тартып жатыр.

«Ақылға салыңыздар да, Ресейден мүмкіндігінше тезірек кетіңіздер. Ешбір табыс ата-аналарыңыз бен балаларыңыздың көз жасына тұрмайды», – деді ол.

Хабаровскіде Өзбекстан азаматының қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Өзбек депутаты осы оқиғадан кейін үндеу жариялап отыр. Аталған жайтқа байланысты Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейдің сыртқы саясат ведомствосына нота жолдаған болатын.

Айта кету керек, Өзбекстандағы Намаган қаласының 50 жастағы тұрғыны Ресей армиясының қатарына ақша үшін кіріп, Украинаға қарсы соғысқа қатысқан. Бұл үшін Өзбекстан соты оны кінәлі деп таныды.

Сондай-ақ оқыңыз