ОПЕК+ ақпан және наурызда Қазақстан өндіруі керек мұнай квотасын бекітті

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: ашық дереккөзден

ОПЕК+ ұйымының сегіз елі 2026 жылдың алғашқы тоқсанына арналған мұнай өндіру квотасын бекітті. Жаңа жоспарға сәйкес, ақпан-наурыз айларындағы квотаны сақтап қалады.

ОПЕК дәстүрлі түрде елдердің нарық конъюнктурасын бақылап отыратынын атап өтті. Егер жағдай өзгерсе, мұнай өндірісін біртіндеп арттыру процесі уақытша немесе мүлдем тоқтатылуы мүмкін.

2026 жылдың ақпан-наурыз айларына арналған мұнай квоталары

Бұл көрсеткіштер мұнайды артық өндіруді өтеу жоспарын есепке алмағандағы бекітілген көлемдер:

Мұнай өндіру квотасы ең жоғары елдер (көшбасшылар):

  • Сауд Арабиясы: тәулігіне 10,103 млн баррель;
  • Ресей: тәулігіне 9,574 млн баррель;
  • Ирак: тәулігіне 4,273 млн баррель;
  • Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ): тәулігіне 3,411 млн баррель.

Мұнай өндіру квотасы аз елдер:

  • Кувейт: тәулігіне 2,580 млн баррель;
  • Қазақстан: тәулігіне 1,569 млн баррель;
  • Алжир: тәулігіне 971 мың баррель;
  • Оман: тәулігіне 811 мың баррель.

«ОПЕК+» келесі кездесуі бірінші ақпанда өтеді.

Өткен жыл жоспары бойынша, Қазақстан қарашада 1,563 млн баррель,  желтоқсанда 1,569 млн баррель деген квота бекітілген еді.

Дегенмен көп жағдайда Астана ұйым алдындағы міндеттемесін орындай бермейді, мұнайды артығымен өндіреді. Бұл үшін ОПЕК+ ескерту де жасады. Өз тарапынан Қазақстан ұйымға адал екенін мәлімдемегенімен, өндірісті қысқарта қоймайды.

Сондай-ақ оқыңыз