«Қайрат» әлемнің үздік клубы атағына үміткер атанды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Фото: Қайрат клубы

«Қайрат» клубы әлемдік футзал қауымдастығы ұйымдастыратын Futsal Planet Awards 2025 сыйлығы аясында «Әлемнің үздік клубы» номинациясына үміткерлер қатарына енді.

Аталған номинацияға үміткер клубтар тізімінде әлемнің алдыңғы қатарлы командалары бар. Олардың қатарында Португалияның Sport Lisboa e Benfica, Индонезияның Bintang Timur Futsal Club Surabaya, Аргентинаның Club Atlético Boca Juniors, Таиландтың Hongyen Thakam Futsal Club, Испанияның Jimbee Cartagena Costa Cálida және Illes Balears Palma Futsal, Бразилияның Associação Desportiva Jaraguá Futsal, Италияның Covei Meta Catania Bricocity, Уругвайдың Club Atlético Peñarol, сондай-ақ Қазақстан атынан AFC Kairat Almaty бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін алматылық «Қайрат» футзал клубы УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалына өткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз