Қазақстан халқы 20,4 млн адамнан асты

2025 жылғы 1 желтоқсандағы мәліметке сәйкес Қазақстан халқының саны 20 478 879 адамға жетті. Бұл деректі Ұлттық статистика бюросы жариялады.
Бюро ұсынған мәліметке сәйкес, жыл басынан бері халық саны 195 480 адамға артқан. Ал ең жоғары өсім үлкен қалаларда тіркелген.
Атап айтқанда, Астана тұрғындарының саны 1,63 млн адамға жетіп, жыл басынан бері 102 мыңға көбейген. Алматыда халық саны 2,34 млн адамды құрап, өсім 53 мың адамды көрсетті. Ал Түркістан облысында 2,15 млн адамға жеткен.
Дегенмен соңғы он жылда Қазақстан халқының табиғи өсімі біртіндеп баяулап келеді. Covid-19 кезіндегі «бэби-бум» уақытша өсімді көрсетті. Егер 2021 жылы елде 445,8 мың бала дүниеге келсе, 2023 жылы бұл көрсеткіш 388,4 мыңға дейін төмендеді. Ал 2024 жылы туу саны шамамен 365,9 мың болуы мүмкін деп болжанып отыр. 2025 жылы бала туу көрсеткіші небәрі 324 мың баланы құрауы ықтимал.
Айта кетейік, бұған дейін ел перзентханаларында Жаңа жыл түні 254 сәби дүниеге келгенін жазғанбыз.