
2025 жыл KASE-дегі инвесторлар үшін контрастқа толы жыл болды. Бірқатар компаниялар акция бағасын еселеп өсірсе, кейбір ірі ойыншылар жылды айқын минуспен жапты. Нарық «бәрі бірдей өспейді» деген ережені тағы да дәлелдеді.
Жылдың айқын жеңімпаздары
ForteBank +140,4%
2025 жылдың абсолютті көшбасшысы. Банк секторы ішіндегі сенімді қаржылық нәтижелер мен инвестор сенімі қаржы ұйымы акциясының бағасын 2 еседен артық өсірді. Былтыр Форте банк нарықтағы Хоум банкті сатып алып, интеграцияны бастап кетті. Осылайша Форте банк секторында «үлкен бестік» ойыншысы ретінде орнын мықтап бекітіп алды десек те болады. Енді акция бағасына келсек, шілде айында баға 8 теңгеден 32 теңгеге дейін көтеріліп, нарықтық құны айтарлықтай өсіп, Форте үшін шілде «ғажап кезең» болды. Алайда жылдың соңғы үш айында бір дана акция бағасы 11-16 теңге дәлізінде сақталып, жылды -15,24 теңгемен жапты. Осылайша, Форте банктің бір жылдағы акция бағасының құны 2,4 есеге (+140,4%) өсті.
BCC.kz +101,7%
Банк ЦентрКредит те 2025-ті екі еселік өсіммен аяқтады. Бұл банк секторы 2025 жылы нарық драйвері болғанының айқын белгісі. 2025 жылы БЦК бір дана акциясының бағасы -2 210 теңгеден басталды. Қыркүйек айында акция құны 5 780 теңгеден сәл асып, тарихи максимумды жаңартты. Жыл соңында акция бағасы -4 660 теңгеге түссе де, жылдың өсім 2 еседен асты. Бұл KASE индексінде ең жоғары өсімді көрсетіп отырған тикер ретінде қарастырсақ болады.
ҚазМұнайГаз +48,2%
Мұнай бағасының қолайлы конъюнктурасы мен ұлттық компанияға деген тұрақты қызығушылық акцияны сенімді өсімге жеткізді. Былтыр ҚМГ-ның жылы болды деуге толық негіз бар. Қараша айында акция бағасы – 22 508 теңгеге дейін көтеріліп, тарихи рекордты жаңартты. Былтырғы жыл басынан бері +48,2 пайызға өсіп, нарықтық капитализация бойынша Қазақстандағы ең қымбат компания болды.
Қазатомпром +38,2%
Уран нарығындағы жаһандық сұраныс пен стратегиялық маңыз компания акциясына оң әсер етті. Жылдың соңғы айында ҚазАтопромның акциясы да тарихи макисимумды жаңартып, акция бағасы – 32 400 теңгеге дейін өсті. 2025-тің басынан бері урандық державаның акция бағасы 38,2 пайызға өсіп, жылды жоғары өсіммен жапты.
Halyk Bank +37,6%
Ең ірі банк тұрақты бизнес-модель арқылы жылды плюспен жапты. Халық банк былтыр жоғары дивиденд, кезекті SPO жасады. Осы жаңалықтар мен шешімдер акция бағасына әсір етіп отырды. Акция бағасы тамыздың соңғы мен қыркүйек айының басында тарихи максимумды жаңартып, акция бағасы -390 теңгеге дейін шарықтады. Алайда кейінгі SPO акция бағасын төмен сырғытты. Дегенмен де бір жылдағы өсім 38 пайызды құрап, жоғары өсімді тіркеді.
Орташа өсім көрсеткендер
▪ KazTransOil +15,9%
▪ Air Astana +11,0%
▪ KEGOC +2,2%
Бұл компаниялар инвестор үшін қорғаныш актив рөлін атқарды: жоғары табыс емес, бірақ тұрақтылық ұсынды.
Жылдың көңіл көншітпеген нәтижелері
Қазақтелеком -0,8%
Kcell -0,8%
Телеком секторы жыл бойы стагнацияда қалды.
Freedom Holding Corp. -4,8%
Жоғары құбылмалылық пен сыртқы факторлар акция бағасына қысым жасады. Былтырғы тамызда Фридом акциясының құны айтарлықтай өсіп, тарихи максимумды жаңартты. Алайда бірнеше фактор акция бағасының түсуіне алып келді. Бір жылдағы акция бағасының өзгерісі -4,8 пайызды құрап отыр.
Kaspi.kz -25,9%
Өткен жылдың ең үлкен антисюрпризі. Бұрынғы жылдардағы агрессивті өсімнен кейін инвесторлар пайда фиксациясына көшті. Каспи тамыз айындағы бір дана акция құны – 52 000 теңгеден кейін үздіксіз құлдырады деп айтсақ та болады. Жалпы бір жылдағы өзгеріс – 25,9 пайыз. Осылайша, нарықтық құн бойынша Каспи тек ҚазМұнайГаздан және ҚазАтомПромнан кейін үшінші орынға жылжыды.
Негізгі қорытындылар
- 2025 жыл – банк акцияларының жылы болды;
- Мемлекеттік және шикізат компаниялары тұрақты өсім көрсетті;
- Технология мен телеком секторы әлсіз нәтиже берді;
- Нарықта таңдап инвестициялау стратегиясы жеңіске жетті.