Темекі тағы қымбаттады
Жарияланды

Елде темекі бағасы тағы қымбаттады. Тауардың ең төменгі бөлшек саудадағы бағасы 50 теңгеге өсті.
Kazinform хабарлауынша, өзгерістер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №196 бұйрығымен көзделген.
Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап сүзгісі бар және сүзгісіз 20 дана темекі қорабының, папиростардың, сигариллалардың, сондай-ақ қыздырылатын темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 970 теңге болып белгіленді.
Айта кетейік, 2025 жылдың шілде айынан жылдың соңына дейін темекінің ең төменгі бағасы 920 теңге болған. Ал 2030 жылға қарай шылым екі есе қымбаттайды.