Ресейді басып озды: Қытай Қазақстанның бас инвесторына айналды

2025 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 4,7 млрд долларды құрады. Бұл туралы Ұлттық Банк статистикасында жазылған.
1 млрд доллардан астам қаржы өңдеу өнеркәсібіне, сондай-ақ автомобиль саудасы мен жөндеу жұмыстарына, 997 млн доллар – тау-кен өнеркәсібіне, 772 млн доллар – көлік саласына, 697,4 млн доллар – Қаржы және сақтандыру қызметіне жіберілді.
Қазақстанның негізгі инвесторлары:
- Қытай – 1,2 млрд доллар (бірінші тоқсанда 815 млн доллар, екінші тоқсанда 596,2 млн доллар);
- Ресей – 950,5 млн доллар (530,7 млн доллар, 661,3 млн доллар);
- Нидерланд – 638,4 млн доллар (1,5 млрд доллар, 7 706,7 млн доллар);
- Швейцария – 469,5 млн доллар (109,1 млн доллар, 470,6 млн доллар);
- Бельгия – 357,2 млн доллар (215,5 млн доллар, 183 млн доллар).
Нидерландтық инвесторлар үшінші тоқсан қатарынан инвестицияны азайтса, ресейлік инвесторлар өсіп жатыр. Ал Қытайдан келген инвестиция көлемі екінші тоқсанмен салыстырғанда екі есе өсті.
Жалпы, барлық үш тоқсанда Нидерланд 2,88 млрд доллар инвестициямен көш бастап тұр, одан кейін Қытай (2,6 млрд доллар) және Ресей (2,1 млрд доллар) келеді. Жыл басынан бері инвестициялардың жалпы ағыны 14,9 млрд доллар құрады.