Серік Жұманғариннің жұбайы бағалы қағаздарға инвестиция жасап 89 млн теңге тапқан

Жарияланды (жаңартылды )
​​General news бөлімінің тілшісі
Серік Жұманғарин
Серік Жұманғариннің жұбайы бағалы қағаздарға инвестициядан 89 млн теңге тапқан / Фото: коллаж kursiv.media

Вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің жұбайы – Сания Садықова дивидендтер мен сыйақыларды қоса алғанда, 2024 жылы бағалы қағаздар нарығына инвестиция жасаудан 88,6 млн теңге табыс тапты.

Бұл туралы ақпарат Ұлттық экономика министрлігінің сайтында орналастырылған. Ведомство Серік Жұманғариннің отбасына қатысты «лауазымды тұлғалардың табысы туралы мәліметтер» құжатын жариялады.

Дербес салық салуға жататын кірістер бағанында 88,67 млн теңге мөлшеріндегі сома көрсетілген.

Screenshot

Бұл ретте құжаттан осы табысты – вице-премьердің өзі немесе оның жұбайы декларациялағаны бірден белгісіз. Алайда кейінірек ҰЭМ баспасөз қызметі Bes.Media басылымына берген түсініктемеде, табысты Сания Садықова алғаны хабарланған.

Дәл осындай құжат вице-министр Асан Дарбаевтың отбасының табысына қатысты жарияланды. Оның жұбайы Гүлнұр Дарбаева 2024 жылы 69,6 млн теңге көлемінде табыс тапқан.

Сондай-ақ оқыңыз