Шымкентте сотталған адамды азаптаған түрме қызметкерлері қамауға алынды

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Павлодарда психикалық ауытқуы бар педофил түрмеден шықпайтын болды / shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай
фото: shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Шымкентте түзеу мекемесінің қызметкерлеріне қатысты азаптау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, үш адам қамауға алынды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілі Нұржан Әбдезов сотталғандардың бірін жеке қабылдау барысында 2025 жылғы маусым айында мекеме қызметкерлері тарапынан азаптауға ұшырағаны туралы ақпарат алған. Сондай-ақ тағы бір сотталушы соққыға жығылып, жақ сүйегі сынғаны анықталған.

«Аталған жағдайлар бойынша өңірлік өкіл тарапынан жедел түрде тиісті әрекет ету шаралары қабылданды. Нәтижесінде медициналық көмекті уақтылы көрсетпегені үшін медицина қызметкерлері жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ мекеме қызметкерлеріне қатысты ҚК-тің 362-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді», – делінген хабарламада.

Кейін құқық қорғау институты бұл іс бойынша азаптау белгілері бар екенін негізге алып, істі қайта саралау жөнінде жоғары қадағалау органына жүгінген.

Бас прокуратура бұл ұстанымды қолдап, өткен жылдың соңында қылмыстық іс ҚК 146-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғаған. Түрменің  үш қызметкері қамауға алынған.

Сондай-ақ оқыңыз