Синоптиктер қауіпті табиғи құбылыстарға байланысты ескерту жасады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі

Еліміздің көп бөлігінде көктайғақ, боран, тұман күтіліп отыр / фото: Shutterstock
Еліміздің көп бөлігінде көктайғақ, боран, тұман күтіліп отыр / фото: Shutterstock

«Қазгидромет» РМК күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстарға байланысты елдің көптеген өңірлерінде дауылды ескерту жариялады.

112 kz ақпаратына қарағанда, еліміздің көп бөлігінде көктайғақ, боран, тұман күтіліп отыр.

Айталық, БҚО, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, ШҚО, Қызылорда, Жамбыл, Абай және Жетісу облыстарында көктайғақ күтілуде.

Ал БҚО, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, СҚО, Павлодар, Қарағанды, ШҚО, Жамбыл және Абай облыстарында қар жауып, боран соғады.

Алматы, БҚО, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, СҚО, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ұлытау және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Алматы және Қонаев қалаларында тұман болады.

Синоптиктер қаңтар жылы болатынын, бірақ аязды күндер бар екенін болжап отыр.  

Сондай-ақ оқыңыз