Доллар жаңа жылда шамамен 5 теңгеге қымбаттады

Жарияланды 5 Қаңтар 2026 13:09

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
доллар теңге
фото: shutterstock

2026 жылғы алғашқы валюта саудасында доллар бірден шамамен 5 теңгеге көтерілді. 5 қаңтарда сағат 13:00-де Қазақстан қор биржасында (KASE) 1 доллар 511,25 теңге болды. Айырбас пунктерінде доллар 517 теңге тұрады.

2025 жылдың соңғы күні АҚШ валютасының құны 505,53 теңге деп белгіленген еді. Төрт күнге созылған мерекелік демалыстан соң, көк қағаз бірден көтерілгенін көріп отырмыз.

Екінші деңгейлі банктер мен валюта айырбас мекемелерінде де доллар көтерілді. Kurs.kz мәліметінше, Алматы қаласында 1 доллар 513 теңгеден қабылданып, 515,5 теңгеден сатылып жатыр. Астана қаласында, әдеттегідей, бағам сәл өзгеше – 510 және 517 теңге.

Бұл уақытта бүкіл әлемде доллар индексі нығайып жатыр. Reuters дерегінше, америкалық валютаның нығаюына АҚШ пен Венесуэла арасындағы шиеленіс әсер етті.

Сондай-ақ оқыңыз