Қазақстанда мобильді интернет дұрыс істемей тұр
Жарияланды

Қазақстандықтар жаңа жылдан бері мобильді интернет дұрыс істемей тұрғанына шағымданып жатыр. Tele2 / Altel, Beeline, Activ және Kcell абонеттері әлеуметтік желіде байланыс жоқ немесе жөнді ұстамай тұрғанын жазды.
Threads-дегі белсенді Activ қолдау қызметіне жарты сағат бойы қоңырау шалып, әзер хабарласқанын жазды. Оператор өкілі Интернет «бүкіл Қазақстан бойынша істемей тұр» деп жауап берген.
Kcell-дің бір қолданушысына Интернет «қауіпсіздік мақсатында» өшірілді деп түсіндірген. Басқа да абоненттер байланыс дұрыс істемей тұрғанын басқа да факторлармен байланыстырған.
Kursiv.Media редакциясы операторларға ресми сауал жолдады.