Тоқаев «келесі лауазымына» қатысты алып-қашпа әңгімеге пікір білдірді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тоқаев БҰҰ-дағы жұмысқа оралатын ниеті жоқ екенін жеткізді/фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев шет елдердің ұсыныс-пікіріне қарамастан, БҰҰ-дағы жұмысқа оралатын ниеті жоқ екенін жеткізді.

Президенттің сөзінше, Қазақстан қазіргі алма­ғайып заманда түрлі үдерістен сырт қал­­мауы керек. Халықаралық қа­­­­­тынастағы негізгі мәселелер туралы көзқарас, ұстанымы болуға тиіс.

«Халықаралық дау-дамайларда ара ағайын болатын ешқандай ойым жоқ, сондай-ақ бірқатар елдің ұсыныс-пікіріне қарамастан, БҰҰ-дағы жұмысқа қайта оралатын ниетім де жоқ. Бірақ жа­бық кеңестер мен пікірталастарға қа­тысамын, оның үстіне бірқатар мем­лекет басшылары менің пікірімді білгісі келеді. Мен үшін осы маңызды жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаудың еш қажеттігі жоқ, себебі попу­лизмнен аулақпын», – деді президент Turkistan газетіне берген сұхбатында.

Сондай-ақ «келешекте парламент төрағасы елдегі ең басты лауазым болады, қазіргі президент осы орынды өзіне дайындап жатыр» деген сыбысқа жауап берді.

Айтуынша, мұндай пікір президенттің саяси қағидатына қайшы.

«Жеке бастың қамын күйттеп, мем­лекеттік жүйені тұтастай өзгерте салу ба­­рып тұрған жауапсыздық, тіпті, адам­­­гершілікке жатпайтын әрекет бо­лар еді. Еліміз үшін аса маңызды реформа­ның бәрі жалпыхалықтық референдумға шығарылады. Бұл жерде ешқандай ас­тыр­тын ойлар жоқ», – дейді президент.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 2011-2013 жылдары БҰҰ бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры, сондай-ақ Қарусыздандыру жөніндегі конференцияның бас хатшысы болды. 

Сондай-ақ оқыңыз