Трамп енді Колумбия президентіне қарсы операция жасамақ

АҚШ президенті Дональд Трамп Колумбия президенті Густаво Петроны есірткі саудасына қатысы бар деп айыптап отыр.
Interfax ақпаратына қарағанда, ол Венесуэладағыдай операция жүргізілуі мүмкін екенін жоққа шығармады.
Трамптың айтуынша, «Колумбияны кокаин өндіруді және оны АҚШ-та сатуды ұнататын науқас адам басқарып отыр».
«Оның кокаин зауыттары бар», – деді Трамп президенттік пул журналистеріне.
АҚШ Колумбияға қарсы операция жүргізе ме деген сұраққа ол:
«Маған бұл тартымды естіледі», – деп жауап берді.
3 қаңтарда АҚШ арнайы жасағы Каракаста Венесуэла президенті Николас Мадуроны ұстап, оны АҚШ-қа жеткізді. Онда оған есірткі саудасына қатысы бар деген айып тағылмақ. Николас Мадуро 5 қаңтарда Нью-Йорктегі америкалық федералдық сот алдында жауап береді.