Америка жеңілді: қытайлық BYD электр көлік сатылымы жағынан Tesla-ны басып озды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото:kursiv.media архиві

2025 жылдың қорытындысы бойынша BYD алғаш рет Tesla-ны электр көлігін сату көлемі жағынан басып озды (гибридтер есепке алынбаған). Қытайлық бренд сату көрсеткішін төрттен біріне арттырса, америкалық компанияда керісінше төмендеу байқалды.

Tesla саудасы бәсеңдеді

2025 жылы Tesla 1,6 млн электр көлік сатқан. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 8,6%-ға аз. Компания барлығы 1,7 млн электр көлік өндірген, бұл да өткен жылғыдан сәл төмен.

Tesla АҚШ-тағы электр көлік нарығының шамамен жартысын иеленіп отыр. Алайда 2025 жылдың қыркүйегінде елде тұтынушыларды электромобиль алуға ынталандыратын жеңілдіктер алынып тасталды. Соның нәтижесінде АҚШ-та электр көлік нарығы бір жылда 40%-ға қысқарды. 2026 жылы сатылымның одан әрі төмендеуі болжанып отыр.

BYD-ға сұраныс артып жатыр

Ал BYD өз кезегінде әлем бойынша электр көлік сатылымын 27,9%-ға өсіріп, шамамен 2,3 млн данаға жеткізді. Компания Қытай, Азия, Еуропа және Латын Америкасы нарықтарындағы үлесін арттырғанын атап өтті.

BYD концерні Қытайдың өзінде сату көлемі бойынша көшбасында тұр. Бұл BYD негізгі маркасы мен Fang Cheng Bao немесе мен Yangwang сияқты қосалқы брендтерді қамтиды. Жалпы компаниялар 5,5 млн жоспармен салыстырғанда шамамен 4,6 млн автокөлік сатты.

Сондай-ақ оқыңыз