Бурабай ұлттық паркіне кіру құны қымбаттады

Жарияланды 5 Қаңтар 2026 16:21

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media

Биылдан бастап «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне кіру құны қымбаттайды. Бұл туралы парк әкімшілігі хабарлады.

АЕК-ке байланысты баға өседі

Парк дирекциясы автокөліктердің кіру ақысының өсуі 2026 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінің жоғарылауымен байланысты екенін хабарлады. Еске салайық, жаңа жылдан бастап АЕК мөлшері 4 325 теңгеге өсті (2025 жылы – 3 932 теңге).

Көлік түріне қарай төлем мөлшері:

Жұмыс күндері (күн сайын):

  • Жеңіл көлік: 1 298 теңге (маусымға байланысты бұрынғыдан 10–15% қымбат)
  • 16 орынға дейінгі микроавтобус пен жүк көлігі: 4 325 теңге
  • 32 орынға дейінгі автобус: 8 650 теңге
  • 32 орыннан жоғары автобус: 12 975 теңге

Демалыс және мереке күндері (1 мамыр – 30 қыркүйек аралығында):

  • Жеңіл көлік: 1 730 теңге
  • 16 орынға дейінгі микроавтобус пен жүк көлігі: 6 488 теңге
  • 32 орынға дейінгі автобус: 10 813 теңге
  • 32 орыннан жоғары автобус: 15 138 теңге

Бағаның көтерілуі көлікпен келетін барлық адамдарға қатысты болады. Ал жаяу жүргіншілер мен велосипедтегілер үшін кіру тегін.

Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстанның курорттық аймақтарына 3,8 миллионнан астам турист келді. Оның ішінде Щучье-Бурабай курорт аймағында 373,1 мың турист демалған.

Сондай-ақ оқыңыз