Қазақстандықтар енді қалаған көлік нөміріне тапсырыс бере алады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: shutterstock

2026 жылдан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енді. Құжатта қазақстандық автокөлік жүргізушілеріне мемлекеттік нөмірлердегі әріптік және сандық комбинацияларды өз қалауынша таңдауға мүмкіндік беретін норма да қарастырылған.

Егер таңдалған комбинациялар жоғары сұранысқа ие тіркеу нөмірі ретінде арнайы тізімге енбесе, Салық кодексінің 667-бабына сәйкес мемлекеттік баж мөлшері 10 АЕК, яғни 2026 жылы 43 250 теңгені құрайды.

Бастапқы кезеңде нөмірді өз қалауыңыз бойынша арнайы ХҚКО-лар арқылы тапсырыс беруге болады, ал жақын арада бұл қызметті онлайн жүйеде де қолжетімді етпек.

Еске салайық, әдеттегі бос мемлекеттік нөмірді таңдағанда бар болғаны 2,8 АЕК немесе 12 110 теңге төленеді. Ал VIP-нөмірлердің құны 15-тен 285 АЕК-ке дейін, яғни 64 875 теңгеден 1 232 625 теңгеге дейін өзгереді.

Айта кетейік, Қазақстанда eGov.kz порталы арқылы автокөлікті тіркеуге болатын пилоттық жоба іске қосылды. Енді көлік иелеріне кезекте тұрудың қажеті жоқ, өтінімді толықтай онлайн беруге болады.

Сондай-ақ оқыңыз