Жоспар толық орындалмады: Қытай компаниялары 2025 жылы қанша көлік сатты

2025 жылдың басында бірнеше қытайлық автомобиль компаниялары алдағы 12 айға арналған сату жоспарларын жариялады. CarNewsChina порталы жоспардың қаншалықты орындалғанын тексерді. Нәтижесінде, барлық компаниялар межелі міндетін толық орындамаған.
Көшбасында BYD концерні
Қытайдағы сату көлемі бойынша көшбасында BYD концерні тұр. Бұл BYD негізгі маркасы мен Fang Cheng Bao немесе мен Yangwang сияқты қосалқы брендтерді қамтиды. Жалпы компаниялар 5,5 млн жоспармен салыстырғанда шамамен 4,6 млн автокөлік сатты.
Geely мен Chery жоспары
Geely сатылым бойынша екінші орында – шамамен 3,03 млн бірлік, ал мақсат 3 млн көлік. Үштікті Chery концерні түйіндеді, ол 2,6 млн автокөлік сатқанымен, жоспар 3,26 млн болған. Сонымен бірге, Chery қазіргі уақытта Қытайдың ресми автокөлік экспорты бойынша көшбасшысында тұр, компания жыл ішінде шамамен 1,3 млн көлік шығарды.
Жоспар мен нақты нәтиже арасындағы ең үлкен алшақтық Great Wall Motor концернінде байқалды. Бұл концернге Haval және Tank маркалары кіреді. Компаниялар жалпы 4 млн автокөлік сатамыз деп жоспарлаған, бірақ нақты сатылым небәрі 1,3 миллионды құрап, бұл меженің небәрі 33,09 пайызын ғана орындады.
Ал жоспарды ең сәтті орындаған компания – Xpeng. Компания басшылығы 350 мың көлік сатамыз деп мәлімдеген, ал жыл соңында 429 445 автокөлік сатып, жоспарын 122,69 пайызға орындаған.
Айта кетейік, 2026 жылы Қазақстанның автокөлік нарығы тұрақты өсімін жалғастырады, баға жағынан жаңа отандық темір тұлпарларға қатысты айтарлықтай өзгеріс болмайды. Автоодақтың болжамына сәйкес, ресми дилерлер арқылы сатылатын жаңа автокөліктердің бағасы сәл қымбаттайды.