Отбасы банк бөлімшелері мен мобильді қосымшасы уақытша істемейді

Жарияланды 5 Қаңтар 2026 14:34

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Фото: kursiv.media

«Отбасы банк» уақытша техникалық жұмыстарға байланысты кейбір қызметтер қолжетімсіз екенін ескертті. Қазіргі уақытта банк бөлімшелерінде, мобильді қосымшасында және Baspana Market платформасында операциялар қолжетімсіз.

Банктің мәлімдеуінше, техникалық жұмыстар жоспарланғаннан ұзаққа созылған. Сонымен қатар, байланыс орталығы да істемей тұр.

«Біздің мамандар барлық жүйелер мен банктік операциялардың мүмкіндігінше тезірек қалыпты режимде жұмыс істеуі және клиенттердің банк қызметтерін толық пайдалана алуы үшін жұмыстар жүргізіп жатыр. Біз сіздерді үнемі хабардар етіп отырамыз және барлық сервистер қайта іске қосылған сәтте міндетті түрде хабарлаймыз», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған дейін 2026 жылы ипотека бойынша қандай мемлекеттік бағдарламалар болатыны жайлы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз