Венесуэла мұнайы мен АҚШ: Трамптың көздегені не

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: Unsplash

МГИМО жанындағы Халықаралық энергетикалық саясат және дипломатия институты директорының орынбасары, экономист Игбал Гулиев АҚШ президенті Дональд Трамптың «Венесуэла мұнайы АҚШ-қа тиесілі» деген мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Сарапшы бұл сөздің тарихи, экономикалық және геосаяси астары бар екенін атап өтті.

«Венесуэла – әлемдегі ең ірі мұнай қорына ие елдердің бірі. Тіпті әлемдік қордың бестен бірі осы мемлекетте шоғырланған деуге болады. Иә, бұл – ауыр мұнай. Сонымен қатар, АҚШ басшылығы бұл мұнайды іс жүзінде өзінікі деп есептейтінін білеміз. Мұндай ұстанымның тарихи тамыры тереңде жатыр», – деді Гулиев.

Сарапшының айтуынша, 1970-жылдары жүргізілген ұлттандыруға дейін Венесуэладағы мұнай өндіру ісін АҚШ корпорациялары іс жүзінде толықтай бақылауда ұстаған. Қазіргі Трамп әкімшілігінің ұстанымы, бұл саланы кезінде дәл осы америкалықтар құрған дегенге саяды.

«Вашингтонда 70-жылдардағы ұлттандыруды америкалық ресурстарды ұрлау ретінде қабылдайды. Трамптың өзі бірнеше рет «жаулаc режимге» америкалық мұнайды меншіктеуге жол бермейтінін ашық мәлімдеген», – деді Гулиев.

Дегенмен, сарапшы венесуэлалық мұнайдың АҚШ үшін стратегиялық маңызы тек тарихи себептермен шектелмейтінін, ол нақты экономикалық және геосаяси факторлармен де байланысты екенін атап өтті.

«Венесуэлалық мұнай АҚШ-тың Мексика шығанағындағы мұнай өңдеу зауыттарына небәрі 4-5 күнде жетеді. Салыстырар болсақ, Парсы шығанағындағы елдерден тасымалдау 35-40 күнге созылады, яғни бір айдан аса уақыт кетеді. Сонымен қатар, Мексика шығанағындағы америкалық мұнай өңдеу зауыттары тарихи тұрғыдан Венесуэладағыдай ауыр мұнайға бейімделген. Сондықтан бұл жерде тарихи және инфрақұрылымдық байланыстардың тереңдігі айқын», – деп түйіндеді Гулиев.

Венесуэладағы мұнай қоры

Венесуэлада әлемдегі ең ірі, дәлелденген мұнай қоры бар шамамен 303 млрд баррель, бұл жаһандық қордың 20 пайызға жуығын құрайды.

Венесуэланың мұнайы – ауыр және күкірт мөлшері жоғары, оны өндіру мен өңдеу қиын. Алайда ол мынадай өнімдерді өндіру үшін аса маңызды:

  • өнеркәсіп пен ауыр техникаға арналған жанармай.
  • дизель отыны;
  • асфальт;
  • өнеркәсіп пен ауыр техникаларға арналған жанармай.

Еске сала кетейік, 3 қаңтарда АҚШ Қарулы күштері Венесуэла астанасының орталығында операция жүргізді. Олар ел президенті Николас Мадуроны және оның жұбайы Силия Флоресті тұтқындап, Нью-Йоркке жеткізді. Онда оларды АҚШ сотына тарту жоспарланып отыр. АҚШ президенті Дональд Трамп америкалықтар Венесуэлада өтпелі кезеңде басқаруды өз қолына алатынын мәлімдеді, бірақ бұл кезеңнің қанша уақытқа созылатынын нақтыламады.

Ал қазіргі уақытта Венесуэланың вице-президенті Делси Родригес елді уақытша басқарып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз