Жүргізуші куәлігін алып жүру қайта міндеттеле ме – ІІМ жауабы

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: kursiv.media архиві

WhatsApp мессенджерінде жүргізушілерге енді міндетті түрде барлық құжаттарды үнемі өзімен бірге алып жүру керек деген хабарлама таралуда. Алайда құқық қорғау органдары бұл ақпаратты жоққа шығарды.

WhatsApp-тағы хабарлама

WhatsApp-та таралып жатқан дауыстық хабарламада қазақстандық жүргізушілерге қайтадан толық қағаз құжаттарын бірге алып жүру міндеттелгені айтылады.Олай болмаған жағдайда айыппұл көзделгенін, тіпті тексерулер жүріп жатыр деп қорқытады.

Полиция мәлімдемесі

Құқық қорғау органдарының өкілдері бұл мәселеге қатысты заңнамаға ешқандай өзгерістер енгізілмегенін түсіндірді.

«WhatsApp желісіндегі жүргізушілер енді барлық құжаттарды міндетті түрде өзімен бірге алып жүруі керек деген дауыс хабарламасы шындыққа жанаспайды. Расталмаған ақпаратты таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз», – деп атап өтті ведомство.

Айта кетейік, Қазақстанда жүргізуші куәлігін рәсімдеу тәртібі өзгерді. Енді жүргізуші куәлігін алғаш рет алатын азаматтар өтінішті мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, тікелей «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бере алады. Жүйе медициналық анықтамасының бар-жоғын, автомектепті аяқтау туралы куәлігін және шектеулердің болуын мемлекеттік деректер базасы арқылы автоматты түрде тексереді.

Сондай-ақ оқыңыз