Al Hayat, Балқия Gold шайынан зиянды зат табылып, сатуға тыйым салынды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: коллаж Kursiv Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ел ішінде танымал кейбір шай брендтерін елге әкеліп, сатуға тыйым салынды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тексеріс жүргізіп, осындай шешім шығарды.

Оған себеп – өнімнің құрамында зиянды заттар табылуы, өнімді қаптаудағы талаптар сақталмағандығы. Атап айтқанда:

Қауіпті бояғыштар: Шайдың құрамынан заң бойынша қосуға тыйым салынған синтетикалық бояғыштар табылған:

  • E102 (Тартразин) және E110 : Бұл заттар балалардың зейініне және белсенділігіне кері әсер етуі мүмкін.
  • E124 (Понсо 4R): Денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін болғандықтан, шай өндірісінде қолданылмауы тиіс.

Жалған ақпарат: Шай қорабында жазылған мекенжайда немесе зауытта іс жүзінде ешқандай өндіріс орны жоқ болып шыққан. Яғни шайдың қайда және қандай жағдайда жасалғаны белгісіз.

Таңбалаудың бұзылуы: Қаптамадағы мәліметтер (құрамы, сақтау мерзімі, өндіруші) техникалық талаптарға сай емес немесе жасырылған.

Осыған байланысты, төмендегі қара шай атауларының әкелінуі мен сатылуына тыйым салынды:

«Апамның шәйі Premium gold», «Al-Hayat» Golg, «БАЛҚИЯ Premium gold», өндірушісі «Orda Trade Astana» ЖШҚ (Алматы облысы) өндірісі;

«Sultan Suleyman», «Pakistan tea», өндірушісі «Real Trade Astana» ЖШҚ (Астана қ.)

«БАЛҚИЯ Premium gold», өндіруші «Аль-Хадия» ЖҚ (Алматы қ.);

«Aje Onim», өндіруші «Орда Чай» ЖҚ (Алматы қ.) «Кальций» ЖШС тапсырысы бойынша:

«Al-Hayat» Golg, өндіруші «Empire KENIY E.P.Z. Limited» (Алматы облысы);

«Al-Jannat Premium», өндіруші «Ferdaus» ЖҚ (Алматы қ.);

«Alfarah» (өндірушісі қаптамада көрсетілмеген).

Шай шығару Қазақстанда жақсы бизнеске айналған. Кей жұлдыздар өз атынан арнайы бренд те шығарады. Тізімдегі «БАЛҚИЯ Premium gold» актриса Нұргүл Мыңғатованың атынан шығарған өнім еді.

Жалпы елдегі шай индустриясы жайлы Kursiv Media арнайы материал дайындаған еді, мына жерден оқи аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз