Ақтаулық қыз Оксфорд университетінің оқытушылар құрамына кірді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
2025 жылы ол Оксфорд университетінің докторантурасына қабылданған / фото: Қоғамдық коммуникациялар орталығы
2025 жылы ол Оксфорд университетінің докторантурасына қабылданған / фото: Қоғамдық коммуникациялар орталығы

Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Меруерт Бижанова ғылым жолында маңызды жетістікке қол жеткізді.

Lada.kz ақпаратына қарағанда, ол әлемдегі ең беделді жоғары оқу орындарының бірі –Оксфорд университетіне Teaching Fellow, яғни оқытушы-зерттеуші қызметіне тағайындалған.

Меруерт 2019 жылы НЗМ-ны тәмамдап, кейін АҚШ-тағы Пенсильвания университетінде оқуын жалғастырған. Онда ол студенттік өмірге белсенді араласып, студенттер ассамблеясының президенті қызметін атқарған.

2025 жылы ол Оксфорд университетінің докторантурасына қабылданды.

Түлектің айтуынша, Teaching Fellow қызметіне тағайындалуы – оның жүйелі еңбегіне берілген жоғары баға. Әрі университет тарапынан көрсетілген сенімнің белгісі. Енді ол ғылыми зерттеулерін жалғастырып қана қоймай, Оксфорд университетінің оқытушылар құрамында дәріс оқып, білім мен ғылым саласында жас ұрпаққа өз тәжірибесі мен білімін жеткізбек.

Айта кететін жайт, Оксфорд университетінің баспа бөлімі 2025 жылдың сөзі ретінде «рейджбейт» терминін таңдаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз