Ауа райының қолайсыздығына байланысты Көкшетаудан қосымша пойыздар жүреді

Ауа райының қолайсыздығына және автожолдардағы қозғалыстың уақытша шектеуіне байланысты «Қазақстан теміржолы» компаниясы солтүстік аудандардан елордаға жетуі үшін қосымша пойыздарды іске қосады.
«Ауа-райының қолайсыздығына байланысты пойыздар қозғалудың ең сенімді және қауіпсіз тәсілдерінің бірі болып қала береді. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауды жалғастыруда және азаматтарды сапарларды жоспарлау кезінде ауа-райын ескеруге шақырады», – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Рейстер
Қосымша рейстер жолаушыларды Көкшетау, Бурабай, Макинка және Ақкөл станцияларынан Астанаға дейін жеткізеді. Ол үшін бірнеше пойыз тағайындалды:
- № 6830 «Көкшетау-Астана» ;
- № 7508 «Көкшетау-Астана».
Астана әуежайы да рейстердің бір бөлігі ауа-райының қолайсыздығына байланысты кешіктіріліп жатқанын хабарлады.